Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенті «Көктем аруы-2023» облыстық сұлулық және шығармашылық байқауында гран-при ұтып алды


2023 жылдың 16 наурызында Кеншілер мәдениет сарайында «Көктем аруы – 2023» облыстық сұлулық және шығармашылық байқауы өтті.

Байқауға Қарағанды облысының жоғары оқу орындары мен колледждерінен 16 ару қатысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Сәулет-құрылыс факультетінің ТС-20-1 тобының студенті Қайролла Гаухар Айбекқызы жеңіске жетіп, Гран-при жеңіп алды.

Конкурсқа дайындыққа т.ғ.к., доцент М.О. Имановтың жетекшілігімен АСФ деканаты қаржылай қолдау көрсетті.

Байқауға қатысушы арудың шығармашылық дайындығын Жастар саясаты департаментінің Шығармашылық даму орталығының қызметкерлері А.К. Аманбаеваның жетекшілігімен қадағалады.

Гаухарды лайықты марапатымен құттықтаймыз және оқуда табыс, жаңа шығармашылық жетістіктер тілейміз!

Без рубрики