Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенті аймақтық эссе байқауында бірінші орынды иеленді


Қараша айының басында Қазтұтынуодағының Қарағанды Университетінде облыстың жоғары оқу орындарының тілдік емес мамандықтарының төменгі курс студенттері арасында өңірлік эссе байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты — студенттердің шет тілдерін үйренуге деген ынтасын арттыру, сондай-ақ Қазақстанның даму стратегиясының бірі ретінде көптілді білім беруді насихаттау. Мұндай шығармашылық байқаулар жас ұрпақтың дамуы үшін үлкен маңызға ие және студенттерге қиялды, шығармашылықты ынталандыруға, ойлау қабілеттері мен проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Байқауға қатысушыларға келесі тақырыптардың біріне эссе дайындау ұсынылды: «Жаһандық бәсекелестікке қол жеткізген Қазақстан», «Қазіргі қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы», «Жаңа Қазақстан: даму және перспективалар».

Бұл эссе байқауында біздің университеттен 17 студент қатысты. Конкурстық комиссияның эссені бағалау нәтижелері бойынша Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенті Уәлиева Аяулым (ИС-22-3 тобы) 1-ші орынды иеленді.

Аяулымның «Жаңа Қазақстан: даму және перспективалар» тақырыбында ағылшын тілінде жазылған эссесі өзектілігімен, мазмұнымен, өзіндік баяндау ерекшелігімен және жоғары стилистикалық және грамматикалық орындауымен ерекшеленді.

Байқаудың жеңімпазы Уәлиева Аяулым және оның ғылыми жетекшісі  —  «Шет тілдері» кафедрасының оқытушысы Богданова А.А. 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Оларды жеңістерімен құттықтаймыз және жаңа табыстар тілейміз!

Без рубрики