Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Шетел тілдері» кафедрасы 2022 жылдың 5 желтоқсаны сағат 13:10да ұлттық-демократиялық саяси партия «Алаштың» құрылуына 105-жыл болуына орай «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты тәрбиелік іс-шара өткізді


Іс-шара №1 оқу ғимаратында 429 аудиторияда өтті, оған 1-курстың 40 студенті, сонымен қатар «Шетел тілдері» кафедрасының оқытушылары қатысты.

Іс-шараның мақсаты – студенттерге «Алаш» партиясының қызметі, сондай-ақ осы саяси қозғалыстың кезеңдері, міндеттері мен мақсаттары туралы білімдерін қалыптастыруға жағдай жасау.

Міндеттері: студенттердің танымдық белсенділігін, зерделілігін дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге ықпал ету; ұлттық өзіндік санаға, ұлттық бірлікке тәрбиелеу.

Биыл «Алаш» партиясының құрылғанына 105 жыл толды. Бұл қазақ халқының тарихындағы айтулы оқиға. Алаш қайраткерлері ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуының негізін қалады. ХХ ғасырдың басында пайда болған қозғалыс қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің шыңына айналды. Алаш партиясы ұлттық демократияның бастауында тұрды.

«Ұлы даланың ұлы есімдері» атты танымдық іс-шара барысында студенттер ассоциациялармен жұмыс жасап, «Алаш» партиясының алға қойған мақсаттарын, сондай-ақ оның бағдарламасын талқылады. Партияның пайда болу хронологиясы қалпына келтірілд. Сондай-ақ жиынға қатысушылар партия жетекшілерінің өмірбаянын және олардың халықты ағарту мен мемлекеттіліктің қалыптасуына сіңірген еңбектерін еске алды. «Шетел тілдері» кафедрасының шетелдік ғалымы, профессор, доктор Dr.Rab Nawaz Lodhi танымдық іс-шараға қатысып, қатысушылардан Қазақстан тарихының беттерінен көптеген қызықты фактілерді білді және өз кезегінде өзінің отаны Пәкістанның саяси жүйесі жайлы баяндап берді. ИС-22-1,2 тобының студенттері оқытушы Г.М. Мағауинаның жетекшілігімен Алаш партиясының көсемдері – Әлихан Бөкейханов пен Міржақып Дулатовқа үкім жариялау сәтін бейнелейтін театрландырылған сахналық көрініс дайындады. Оқытушы А.Ф. Гизатулинаның студенттері (гр. АРЧ-22-4) бейнеролик көрсетіліп, партия белсенділері: А.Ермеков, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, т.б.-ның оқу-ағарту, ғылыми және шығармашылық қызметі туралы әңгімеледі. Оқытушы М.К.Тулегенованың жетекшілігімен ЭЭ-22-2 тобының студенттері «Алаш идеясы және Қазақстанның тәуелсіздігі» тақырыбында сөз сөйлесе, оқытушы Н.А. Свичтің шәкірттері (ГПР-22-3 тоюы) «Алаш партиясының мұрасы» тақырыбында бейнеролик дайындады.

Ұлттық тарихымызда жалпыұлттық саяси ұйым құру фактісі толық зерттелмегенімен, «Алаш» партиясы қайраткерлерінің алға қойған көптеген ережелері әлі де өзектілігін жоғалтпайды. Қазақ қоғамын кезең-кезеңімен өзгертіп, қазіргі заманға бейімдеу мақсатын көздеген патриоттық ұйымның тарихы мен рөлін білу өте маңызды деп санаймыз.

Без рубрики