Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Шет тілдері» кафедрасы «Тәуелсіздік тарихы қазіргі жастардың көзімен» тақырыбында шеберлік класын өткізді


Шеберлік класына 1-ші курстың 40-тан астам студенті, сондай-ақ ШТ кафедрасының ПОҚ қатысты.

Шеберлік класының мақсаты «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде болашақ мамандарды патриоттық тәрбиелеу болды.

Міндеттері: оқушылардың танымдық белсенділігін, зиятын дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге ықпал ету; бойындағы ұлттық өзсананы, толеранттықты тәрбиелеу.

Тәуелсіздік күні – Қазақстандағы маңызды күн және басты ұлттық мереке.

Шеберлік класы кезінде студенттер қауымдастықтармен жұмыс істеді, кластерлерді толтырды, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларына қатысушылардың өмірбаяндарымен танысты, тәуелсіздік алу жолындағы маңызды күндерді, адамдарды, заңдарды және тарихи сәттерді тағы бір рет еске түсіруге мүмкіндік беретін викторинаға қатысты. Сондай-ақ, білім алушылар task-based байқауларына (міндеттерге негізделген конкурстар) қатысты: «The history of Independence» командалық сурет байқауы, онда студенттер өз көзқарастары бойынша еліміздің тәуелсіздік тарихын бейнеледі, сондай-ақ суреттерінің сюжетін негіздей отырып, өз жұмыстарын таныстырды. «How we see the future of Independent Kazakhstan» атты тағы бір командалық шығармашылық тапсырмада студенттер Тәуелсіз Қазақстанның болашағын қалай көретінін, сондай-ақ еліміздің жарқын болашағына қандай үлестерін қоса алатынын талқылады, бұл студенттерге ойдың икемділігін, креативтілігін, қиялын және шешім іздеу қабілетін дамытуға мүмкіндік берді.

Ел болашағы әрқашан жас ұрпақтың қолында. Сондықтан біздің міндетіміз — жастарды елімізді жақсырақ, анағұрлым озық, жетістікті ету үшін бар күш-жігерін салуға ынталандыру. Тәуелсіздік күнін мерекелеудің басты себептерінің бірі жастарымызды саналы ету болып табылады. Тәуелсіздік күні адамдарда отансүйгіштік сезімін тудырады. Ол адамдарды біріктіреді және біздің алуан түрлі тілдері, діндері мен мәдени құндылықтары бар біртұтас ел екенімізді сезінуге мүмкіндік береді.

Без рубрики