Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің оқытушысы балалар жылына арналған аймақтық семинарда сөз сөйледі


2022 жылдың маусым айының соңғы онкүндігінде Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы жанындағы ресурстық тіл орталығымен «Бала тілін дамытудағы қазақ тіліндегі контенттің рөлі» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өткізілді.

Семинар айтулы жыл – балалар жылына орайластырылды. Іс-шараның модераторы ресурстық Тіл орталығының директоры М.К. Смағұлова болды.

Семинардың мақсаты мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және балалар жылы аясында республикалық деңгейде жүзеге асырылған жобалармен таныстыру болды.

Семинарда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының доценті, фиолология ғылымдарының кандидаты Хамзина К. М. баяндама жасады.

Семинарға қазақ тілі мұғалімдері мен Қарағанды қаласының балабақша тәрбиешілері қатысты.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар, баяндамашыларға алғыс хаттар табыс етілді.

Без рубрики