Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің оқытушылары Mining Week Kazakhstan — 2022 халықаралық көрмесіне қатысты


2022 жылғы 28-30 маусым аралығында Қарағандыда «Жастар» спорт кешенінің алаңында тау-кен металлургия кешеніне және жер қойнауын ұтымды пайдалануға арналған Mining Week Kazakhstan-2022 технологиялар мен жабдықтардың 17 — ші Халықаралық көрмесі өтті.

Mining Week Kazakhstan — еліміздегі тау-кен өндіру және тау-кен металлургия өнеркәсібі саласындағы жыл сайынғы ең ірі көрмелердің бірі. Көрменің жоғары мәртебесін дүниежүзілік көрме индустриясы қауымдастығы (UFI) растайды. Бұл көрмеге Қазақстан, Австралия, Германия, Швеция, Чехия, Польша, Чили, Түркия, Ресей және Белоруссиядан келген 80 астам жетекші тау-кен компаниялары тұрақты түрде қатысады.

Mining Week Kazakhstan — 2022 көрмесінің жұмысына «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау», «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру» және «Өнеркәсіптік көлік» кафедраларының оқытушылары қатысты.

Біздің қатысушылар үшін көрме жұмыста бағдарға, көптеген сұрақтарға жауап алуға, әріптестермен сөйлесуге және тәжірибе алмасуға, семинарлар, презентациялар ұйымдастыруға, өз жетістіктерін көрсетуге болатын орынға айналды.

Без рубрики