Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің оқытушылары мен студенттері Өңірлік дөңгелек үстелге белсене қатысты


Қазақстан халқы Ассамблеясының Қарағанды Достық үйінде «Мәдениеттер диалогы: Абай Құнанбаев пен Александр Пушкиннің мұрасы» тақырыбында өңірлік дөңгелек үстел өтті.

Оған Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері белсенді қатысты.

Дөңгелек үстелді модерациялауды Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Е.Ж. Әубәкіров жүзеге асырды.

Өңірлік дөңгелек үстелдің мақсаты: қазіргі жастардың екі ұлы ақынның шығармашылығын білу арқылы мәдениеттер диалогын жүргізуге дайындығы мен қабілетін (әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін қалыптастыру) қалыптастыру және дамыту, жастарды ізденімпаз және жоғары рухани тұлғаны тәрбиелеуге ықпал ететін жоғары, рухани, адамгершілік қағидаттарына баулу.

Дөңгелек үстел жұмысына Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының м.а. Д.Б. Малаев, сондай-ақ Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ ғалымдары – ф.ғ.д., профессор Т.Т. Савченко, ф.ғ.к., аға оқытушы А.Б. Әшірбекова қатысты.

Өңірлік дөңгелек үстел жұмысына Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенттері Нұрбекқызы Аружан (Сиб-21-1 т.), Сәбит Майра (Сиб-21-1 т.); Нұржігітова Элдана (Сиб-21-1 т.), Кендеров Ілияс (АиУ-21-3 т.), Дәулетова Камила (АиУ-21-3 т.).

…«Шоқан, Ыбырай, Абай құбылысының  Алаш қайраткерлері тарапынан байыпталуы», «Абай – қазақ әдебиетінің классигі», «Абай және ұлттық идея», «А.С. Пушкин: философская лирика в творчестве поэта», «Исследование творчества А.С. Пушкина в литературоведении» — тек осы талқыланған мәселелер бойынша дөңгелек үстелде әңгіме қаншалықты қызықты болғанын елестетуге болады.

Біздің студенттеріміздің дөңгелек үстелдің ұсынылған тақырыбына, әсіресе Кендеров Ілияс пен Дәулетова Камилаға тамаша дайындығы да өз әсерін тигізді, олар ҚХАжӘГП кафедрасы жанындағы «Философия» студенттік ғылыми клубының қатысушылары болып табылады (аға оқытушы Шарипова Р.М.).

Өңірлік дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтіп, алға қойылған мақсатқа жетті.

Без рубрики