Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің оқытушылары international staff week 2023 көрмесіне қатысты


Erasmus + бағдарламасы аясында Гедиминас атындағы Вильнюс техникалық университетінде (Гедиминас атындағы ВТУ, Литва) Халықаралық қызметкерлер апталығы — INTERNATIONAL staff WEEK 2023 өткізілді. Аталған іс-шараға Қазақстан, Малайзия, Ливан, Уругвай, Греция, Грузия, Доминикан Республикасы, Босния және Герцеговина, Вьетнам, Тайвань және басқа елдердің өкілдері қатысты.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті атынан International staff WEEK 2023-ке «Кеңіштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасының аға оқытушысы Е.А. Цешковская және «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының доценті С.С. Кудрявцев қатысты.

INTERNATIONAL STAFF WEEK 2023 өткізу барысында қатысушылар үшін Гедиминас атындағы ВТУ құрылымдық бөлімшелерінде экскурсиялар өткізілді, онда олар білім беру қызметіндегі жетістіктермен және озық ғылыми әзірлемелермен танысты. Серіктес университеттер арасындағы Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықтың болашағы белгіленді. Сондай-ақ, Гедиминас атындағы ВТУ студенттеріне дәрістер өткізілді.

Барлық қатысушылар іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті. Гедиминас атындағы Вильнюс техникалық университетінің этноансамблі дайындаған мәдени бағдарлама, Литва халқының дәстүрлерін зерттеу, Вильнюстің көрікті жерлеріне бару INTERNATIONAL STAFF WEEK 2023 қатысушылары арасындағы қолайлы психологиялық ахуал мен тиімді өзара іс-қимылға ықпал етті.

Без рубрики