Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің КВН командасы республикалық «Жайдарман» ойындарында үздік деп танылды


Қыркүйек айының басында Семей қаласында «Жайдарман» КВН республикалық ойындарының бірінші телевизиялық лигасы өтті.

Оған Алматы, Атырау, Семей, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Ерейментау қалаларынан 10 команда қатысты.

Ширек финалда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «ҚарТУ» командасы үздік деп танылып, Нұр-Сұлтан қаласында финалдық ойынға жолдама алды.

Облыс намысын қорғап жүрген жас ойыншыларымызға алдағы финалда сәттілік тілейміз!

Без рубрики