Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Инженерлік экономика және менеджмент және Ақпараттық технологиялар факультеттерінде Мансап күні өтті


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Инженерлік экономика және менеджмент және Ақпараттық технологиялар факультеттерінде университеттің Жұмыспен қамту және мансаптық өсу орталығы Мансап күнін өткзді.

Оған Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың базасындағы «Корпоративтік университет» инновациялық-білім беру консорциумының мүшесі болып табылатын «1С: Франчайзинг Қарағанды» ЖШС-ның және «Micro Solutions» ЖШС-ның өкілдері қатысты.

Кәсіпорындардың ЖОО-мен тығыз ынтымақтастығы олардың базасында экономикалық және IT-мамандықтардың студенттерін дипломдау және тәжірибелер жүргізуде, сондай-ақ оларға лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсынуда көрінеді. Біздің университеттің үздік түлектері «1С: Франчайзинг Қарағанды» ЖШС-де жұмысқа орналасады. Бұл, атап айтқанда, бір кездері 1С ортасында бағдарламалау бойынша халықаралық конкурстардың қатысушылары мен жүлдегерлері болған Д.А. Рябушко мен Р.Ш. Толстомиров сияқтылар.

«Micro Solutions» ЖШС-не келетін болсақ, ол Еуропа мен Азияның 50-ден астам жетекші әлемдік өндірушілерінің аналитикалық және қосалқы зертханалық жабдықтарын жеткізуші болып табылады: NINGBO SUNNY INSTUMENTS CO., LTD (ҚХР) APPLIED SPECTRAL IMAGING Inc. (Израиль), JEIO TECH CO. (Оңтүстік Корея), Moller Medical GmbH (Германия), EuroClone (Италия) және басқалар. Компания Орталық Азия елдері — Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, сондай-ақ Грузия, Армения, Әзірбайжан аумағында зертханалық жабдықтарды жеткізуді жүзеге асырады.

Студенттер кәсіпорын өкілдеріне сұрақтар қойды, оның ішінде жұмысқа орналасуға қатысты сұрақтар да бар. Сұрақтардың барлығына нақты жауаптар берілді.

Кездесу соңында кәсіпорын өкілдері студенттерге таңдаған мамандықтарын игеруде табыс, сұранысқа ие мамандар болуды тіледі.

Без рубрики