Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің докторанттары Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ғылыми тағылымдамадан сәтті өтті


2022 жылдың қараша-желтоқсан айларында «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының докторанттары А.А. Алина және Л.А. Мажитова Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ инженерлік бейін зертханасында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Тағылымдаманың мақсаты біздің университетте инновациялық технологиялар бойынша докторанттардың диссертацияларының тақырыптарына сәйкес алған үлгілеріне зерттеулер жүргізу болды. Сонымен, X’Pert MPD PRO рентгендік дифрактометрінде үлгілердің құрылымы мен фазалық құрамы бойынша зерттеулер жүргізілді. Сондай-ақ, докторанттар Jeol LSM растрлық микроскопында үлгілердің бетіне морфологиялық талдау жүргізді және үлгілердің элементтік талдауын алуға мүмкіндік беретін атомдық-абсорбциялық спектрометрде зерттеулер жүргізді.

Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ инженерлік бейіндегі зертханада жүргізілген тәуелсіз сынақтардың нәтижелері докторанттар алған үлгілердің жоғары механикалық қасиеттерін растады.

Болашақта бөлшектерді дайындаудың технологиялық режимдері өндірістік жағдайда сынақтан өткізіліп, нәтижелерді өндірістік процеске енгізеді.

Без рубрики