Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті «Атамекен» ҰКП-ның 2026 жылғы білім беру бағдарламалары рейтингінде көшбасшылар қатарында


Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының тәуелсіз бағалау нәтижелерін жариялады. Аталған рейтинг бағдарламалардың тиімділігін төрт негізгі параметр бойынша бағалайды: түлектердің мансаптық перспективалары, білім беру бағдарламаларының сапасы, студенттердің жетістіктері және жоғары оқу орындарының жалпы көрсеткіштері.

Университеттің 29 білім беру бағдарламасы қатысып, олардың барлығы үздіктер тізіміне енді. Оның ішінде 23 бағдарлама ТОП-10 қатарынан көрінді, бұл университеттің жоғары деңгейде маман дайындайтынын дәлелдейді. Әсіресе, ТОП-3 қатарына енген 12 бағдарламаны ерекше атап өтуге болады, олардың төртеуі өз санаттарында бірінші орындарды иеленді.

Бірінші орынды «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру», «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау», «Құрылыс» білім беру бағдарламалары иелене отырып, өзектілігімен қатар еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие екенін айқын көрсетті. 2024 жылғы деректермен салыстырғанда бірінші орын алған бағдарламалардың саны екі есе артты. Бұл университеттің жетекші білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігінің және ұлттық деңгейде танылуының өскенін көрсетеді. Сондай-ақ аталған нәтиже сапалы оқытуға, инновациялық әдістемелерді енгізуге және еңбек нарығы талаптарына бейімделген білім беру бағдарламаларын дамытуға бағытталған  тұрақты жұмысын айқындайды.

Екінші орынды «Пайдалы қазбаларды байыту», «Цифрлық аэрофототүсірілім», «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» білім беру бағдарламалары иеленді.

Үшінші орынға «Металлургия», «Көлік құрылысы», «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «Тау-кен ісі», «Жылу энергетикасы» білім беру бағдарламалары лайық деп танылып, бұл жоғары білім беру жүйесіндегі техникалық бағыттардың инновациялық әлеуеті мен тұрақты дамуын көрсетеді.

Рейтингке енген ҚарТУ білім беру бағдарламаларының тізімі:

Білім беру бағдарламасының атауы 2025ж.
 
      1. 6В07305 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру 1/5
      2. 6В07103 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы 1/4
      3. 6В11201 Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны 1/23
      4. 6В07304 Құрылыс 1/26
      5. 6В07205 Пайдалы қазбаларды байыту 2/2
      6. 6B07303 Цифрлық аэрофототүсірілім 2/10
      7. 6В07111 Технологиялық машиналар және жабдықтар 2/13
      8. 6В07204 Металлургия 3/8
      9. 6В07306 Көлік құрылысы 3/4
  10. 6В06301 Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері 3/8
  11. 6В07202 Тау-кен ісі 3/10
  12. 6В07108 Жылу энергетикасы 3/11
  13. 6В07104 Машиностроение 4/16
  14. 6В07110 Органикалық заттардың химиялық технологиясы 4/12
  15. 6В07201 Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау 5/7
  16. 6В07106 Көлік, көлік техникасы мен технологиялары 6/27
  17. 6В11301 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру 6/9
  18. 6В07203 Мұнай-газ ісі 6/17
  19. 6В07101 Автоматтандыру және басқару 7/27
  20. 6В11302 Логистика 8/17
  21. 6В07501 Стандарттау және сертификаттау 9/23
  22. 6В06201 Радиотехника, электроника және телекоммуникация 9/22
  23. 6В06102 Ақпараттық жүйелер 10/58
  24. 6В07109 Электроэнергетика 12/36
  25. 6В04108 Өндірістегі есеп және аудит 12/58
  26. 6B04105 Маркетинг 12/24
  27. 6В05101 Биотехнология 12/17
  28. 6В04107 Өнеркәсіп экономикасы 19/48
  29. 6В06104 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету 21/44

 

Без рубрики