Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Арх-24-2 тобының студенті Бақтыбай Айкүнім облыстық «Көктем Аруы — 2026» байқауында Гран-при иегері атанып, байқаудың басты тәжін жеңіп алды. Байқауға Қарағанды облысының әр университеті мен колледждерінен 10 үміткер қатысып, өз өнері мен шеберлігін көрсетті. Байқаудың басты мақсаты — студенттердің мәдени-шығармашылық белсенділігін арттыру және бос уақытын тиімді пайдалану.
Сондай-ақ, университетіміздің тағы екі студенті жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Арх-21-1 тобының студенті Қалиақпар Жанерке «Креативті Ару» номинациясын иеленсе, НД-22-1 тобының студенті Болат Аида «Өнерлі Ару» номинациясының жеңімпазы атанды.
Байқауға қатысқан барлық аруларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістіктер олардың талантының, еңбегі мен шығармашылық әлеуетінің айқын көрінісі. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз.

