Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ғалымдары Британдық Кеңестің «Creative Spark» халықаралық форумына қатысты


Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың зерттеу тобы шет тілдері кафедрасының меңгерушісі Д.Д. Жантасованың жетекшілігімен «STEAM білім беру арқылы инженерлерді инновациялық даярлау әлеуетін дамыту» тақырыбы бойынша гранттық қаржыландыру жобасын іске асыру аясында ЖОО-да креативті кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Creative Spark» бағдарламасының халықаралық форумының жұмысына қатысты.

Форумды Алматы қаласында Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстанның жоғары оқу орындары қауымдастығының, Алматы қаласының әкімдігінің, Қазақстанның Британ Кеңесінің, Ұлыбританиядан, Қазақстаннан және Қырғызстаннан келген Creative Spark бағдарламасының халықаралық ұйымдары мен серіктестері өкілдерінің қатысуымен Британ Кеңесі өткізді.

Форумға қатысушылар Қазақстан мен Қырғызстандағы креативті индустрияларды дамытудың өзекті мәселелерін талқылады және Creative Spark бағдарламасы аясында Қазақстан мен Қырғызстанда іске асырылған кәсіпкерлікті оқыту бойынша үздік тәжірибелермен алмасты.

«Creative Spark» бағдарламасын Британдық Кеңес 2018 жылдан бастап 7 елде жүзеге асырып келеді. Британдық білім беру ұйымдары Ұлыбританияның қолдауымен кәсіпкерлік дағдылар мен креативті экономиканы дамыту үшін жоғары және техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарымен 50 серіктестік құрды.

Без рубрики