Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ғалымдары бизнес-серіктеспен 2023 жылға арналған ғылымда және мамандарды даярлаудағы ынтымақтастық мәселелері бойынша келісім жасады


«Нанотехнология және металлургия» кафедрасының: әл-Фараби атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары  – кафедра меңгерушісі профессор В.Ю. Куликов, кафедра профессоры Квон Св.С. және аға оқытушы Д.Р. Әубәкіров құрамындағы ғалымдар тобы  «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» ЖШС басшыларымен және мамандарымен директор В.В. Сурина, техникалық директор Ю.И. Булгаков, бас конструктор С.А. Курипко, директордың өндіріс жөніндегі орынбасары А. Мацкевич тұлғасында техникалық кеңеске қатысты.

Мәжіліс барысында Корпоративтік Университет шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері, оның ішінде НТМ кафедрасы ғалымдарының осы мәселені шешуге қатысу перспективалары бар өндірістің проблемалық мәселелері, студенттер мен магистранттар үшін өндірістік және зерттеу практикаларын жүргізу, кәсіпорын қызметкерлерінің магистратураға және PhD докторантураға түсуі қаралды.

Кездесу қорытындысы кафедраның ғылыми жобаларын бірлесіп қаржыландыру туралы уағдаластық болды:

— «Тау-кен-шахта жабдығының бөлшектері үшін хромды үйкеліске төзімді шойындар өндіру технологияларын әзірлеу және енгізу»;

— «Тау-кен-металлургиялық жабдықтардың бөлшектері үшін пайдалану қасиеті жоғары «Нихард» кластық шойын өндіру технологияларын әзірлеу және енгізу»;

— «Жаңа ыстыққа төзімді қорытпаны, оның негізінде металлургиялық өндіріс үшін бөлшектер алу технологияларын әзірлеу және енгізу».

Сондай-ақ, өндірістің жетекші мамандарының кафедраның мынадай ҒЗЖ тақырыптарына қатысуы көзделеді: «Фильтрациялық тазарту әдісімен металдар мен қорытпалардың сапасын арттыру»; «Ірі габаритті құю қалыптарын дайындау процестерін әзірлеу және зерттеу»; «Fe-Si-C-B жүйесіндегі фазалық тепе-теңдікті термодинамикалық-диаграммалық талдау».

Өз тарапынан кәсіпорын басшылары ҒТМ кафедрасының ғалымдарына қорытпаларды нанотүрлендіру, дірілмен, ультрадыбыспен өңдеу, модельдер мен жабдықтардың 3D-баспасы, заманауи компьютерлік технологияларды қолдану сияқты жаңа және прогрессивті әдістерін әзірлеуге байланысты тақырыптарды бірлесіп әзірлеуді ұсынды. Мамандарды даярлау шеңберінде кәсіпорын 6В07204 – «Металлургия» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттерін өндірістік практикадан өткізу үшін сегіз жұмыс орнын беретін болып келісілді.

Жаңа, 2023 жылы «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының және оның Корпоративтік Университет бойынша көп жылдық серіктесі – «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» ЖШС-мен бірлескен жемісті жұмысы күтіп тұр.

Без рубрики