Сапар аясында «Серпін – 2050: Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша университетке оқуға түскен студенттер мен университет өкілдері кездесіп, пікір алмасты. Тараптар өзара ынтымақтастықты нығайту және бірлескен жұмыс жүргізу мәселелерін талқылап, меморандумға қол қойды.
Іс-шара барысында университеттің оқу үдерісі, материалдық-техникалық базасы және «Серпін» бағдарламасы аясында білім алып жатқан студенттерге жасалған жағдайлар туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, делегация университет мұражайын, заманауи зертханаларды, студенттер жатақханасын және спорт кешенін аралап, оқу ордасымен танысты.














