ӘБІЛҚАС САҒЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ САЯСАТ НҰРБЕК КЕЛДІ


2022 жылдың 15 қазанында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек келді.

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – Ректоры Ибатов Марат министрді орталық кампуспен, инновациялық инфрақұрылыммен, ғылыми және білім беру жобаларымен, университеттің жетекші ғалымдарымен таныстырды.

Ең алдымен, министр университеттің негізін қалаушы – Социалистік Еңбек Ері, академик Ә.С. Сағынов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Саясат Нұрбек «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында академик Ә.С. Сағыновтың шәкірттері мен замандастары салған «Профессорлар аллеясы» бойымен жүріп өтті.

«Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ – Mitsubishi Electric – Қазпромавтоматика» авторландырылған оқыту орталығында министр «Индустрия 4.0» элементтерін іске асыруға мүмкіндік беретін заманауи автоматтандырылған оқу-өнеркәсіптік модулімен, студенттер мен магистранттардың дипломдық әзірлемелерімен үлкен қызығушылықпен танысты.

Саясат Нұрбекке ЖОО сәулет шеберханасында әлемдік және республикалық конкурстардың дипломдарын жеңіп алған Қарағанды қаласының қоғамдық нысандарын қайта құру және жаңа тұжырымдамалар, мәдени мұраны сақтау бойынша студенттердің шығармашылық жобалары ұсынылды.

«Көлік техникасы» жұмысшы кәсіптер орталығында министрге нақты өндіріс жағдайында неғұрлым терең инженерлік құзыреттерді алуға мүмкіндік беретін болашақ мамандардың қолданбалы біліктілігін қалыптастыру бойынша қазіргі заманғы симуляторлар, қолданыстағы макеттер мен модельдер ұсынылды.

Министрдің назарын кәсіпкерлік дағдылар мен старт-аптарды дамытуға арналған коворкинг-орталық, бизнес-инкубаторлар кеңселері және басқа да заманауи инфрақұрылымды қамтитын business Skills Park, студенттер шахталарда жұмыс істейтін техникамен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеретін «Тау-кен шахталық жабдықтары» оқу полигоны, бірегей жабдықтармен жабдықталған халықаралық материалтану орталығы, «Метан энергетикасы» зертханасы және қазақстандық дәнекерлеу институты аударды. Аталғандардың негізінде өндірісте сұранысқа ие ғылыми зерттеулер мен бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау жүргізіледі.

Университеттің «Армандастар Ордасы» студенттік жатақханасында министр білім алушылармен кездесті. Тамаша дәріске үйлесімді өткен студенттермен, магистранттармен және докторанттармен өткен еркін диалогта оларға қазіргі заманғы ғылым мен білім берудің проблемалары мен даму перспективаларын, болашақ маманның негізгі құзыреттерін қалыптастыруды терең талдау ұсынылды.

Без рубрики