Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар қозғалысы қалыптасуда


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру басты басымдықтардың бірі болып табылады және әрдайым басшылықтың бақылауында тұрады.

ЖОО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар қозғалысын қалыптастыру бойынша белсенді жұмысты «Жас Орда» студенттік өзін-өзі басқару органы жүргізеді. Ай сайын жастар көшбасшыларымен кездесулер өткізіледі, олар сыбайлас жемқорлықтың зияны мен салдары туралы әңгіме жүргізеді. «Жас Орда» еріктілері тұрақты негізде Қарағанды облысының және Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталықтарымен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша акцияларға, іс-шараларға, форумдарға қатысады. 2021 және 2022 жылдары Университет қабырғасында «Antiparacraft» сыбайлас жемқорлыққа қарсы квесттер өткізілді, онда бір ай бойы студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды, квесттерді орындады, ахуалдық кейстерді шешті. Университет базасында 2021 жылы «Саналы ұрпақ» республикалық жастар қозғалысының слеті өтті, онда студенттер проблемаларды белсенді талқылап, сыбайлас жемқорлық қауіптерін шешу жолдарын іздеді.

Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру мақсатында университетте «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының қолдауымен «Саналы Ұрпақ» жастар қозғалысы тұрақты негізде жұмыс істейді. «Саналы Ұрпақ» штабы қызметінің басты идеясы жастармен кездесулер өткізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы іс-қимыл рухында тәрбиелеу болып табылады.

ЖОО студенттері, магистранттары мен докторанттары алған білімдері олардың өмірде кез келген сыбайлас жемқорлық көріністерімен белсенді күресуге көмектесетініне сенгіміз келеді№

Болашақ – жастардың қолында!

Без рубрики