Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «Сенің өмірің-сенің таңдауың» фотокөрмесі өтті


16-17 қарашада Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «Сенің өмірің-сенің таңдауың» фотокөрмесі өтті. Көрме есірткі өміріне енген адамдардың әңгімелеріне арналды.

Естеріңізге сала кетейік, психоактивті заттарды қолданудың ауыр салдары тек қалпына келтірілмейтін ағза функциясының бұзылуына ғана емес, сонымен бірге ауыр психикалық бұзылуларға, мидың зақымдалуына әкеледі. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық заңнамасында негізделген есірткі құралдарын пайдалану және тарату салдары туралы да ұмытпаған жөн.

Без рубрики