Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «Металлургияның ғажайып әлеміне қадам» атты конкурс өтті


Конкурсты «Нанотехнология және металлургия» кафедрасы ұйымдастырды және өткен жылдың соңында Қазақстан Республикасы мектептерінің, лицейлерінің, гимназияларының, колледждерінің, қосымша білім беру мекемелерінің 11-сынып оқушылары арасында өткізілді.

Конкурстың мақсаты металлургия саласындағы ғылым мен техниканың жетістіктерін оқушылар арасында насихаттау және олардың кәсіптік бағдарлануы болды.

Конкурстық комиссияның шешімімен жүлделі орындарға келесі жұмыстар ұсынылды:

I орын-Тортулова Диана Талгатовна (Сергеевка қ., СҚО)

II орын — Бекмурзина Алина Қайратқызы (Қарағанды қ.), Қайролла Сезім Айбекқызы (Қарағанды қ.), Лукьяненко Дмитрий (Қарағанды қ.).

III орын — Нұрмағамбетов Әли Мағауияұлы (Астана қ.), Нусорчина Алина Олегқызы (Астана қ.), Рожкова Софья (Астана қ.).

Конкурстың барлық қатысушыларына сертификаттар, жұмыс жетекшілеріне алғыс хаттар берілді.

Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында конкурс жеңімпаздарын бағалы сыйлықтармен марапаттау өтті.

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Металлургия» мамандығына мемлекеттік грант бойынша оқуға түскен жағдайда жеңімпаздар бюджеттен тыс қаражат есебінен стипендияға үстемеақы түрінде (оқудың бірінші жылы ішінде) көтермелеумен марапатталады:

I орын — (1 жеңімпаз) стипендияға 10% үстеме;

II орын — (1 жеңімпаз) стипендияға 7% үстеме;

III орын — (1 жеңімпаз) стипендияға 5%үстеме.

Біздің ЖОО коммерциялық негізде «Металлургия» мамандығына оқуға түскен жағдайда жеңімпаздар ай сайынғы төлемді (оқудың бірінші жылы ішінде), үстеменің тиісті сомасын алу түріндегі көтермелеумен марапатталады:

I орын — (1 жеңімпаз) стипендияға 10% үстеме;

II орын — (2 жеңімпаз) стипендияға 7% үстеме;

III орын — (3 жеңімпаз) стипендияға 5% үстемесі.

Конкурс жеңімпаздарына және оның барлық қатысушыларына біздің университетке түсуді және оқуда табыс тілейміз!

Без рубрики