Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «Мемлекеттік рәміздерге құрмет» тақырыбында кураторлық сағаттың шеберлік класы өткізілді


Шеберлік класын ТЖМжС кафедрасының ТМО-22-2 тобының кураторы А.В. Жукова өткізді.

Студенттердің азаматтық пен патриотизм сезімдерін қалыптастыру, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету бойынша кураторлық сағаттың мақсаттарына сәтті қол жеткізілді.

Куратор музыкалық сүйемелдеуді (Әнұранның орындалуы), «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» бейнеролигін, викторинаны, мазмұнды презентацияларды пайдаланды.

Кураторлық сағат студенттерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін жалпылауға және жүйелеуге, Ұлттық Әнұран мен Туға, өз елінің тарихи өткеніне деген бұрыннан қалыптасқан ізгілікті қарым-қатынасты, Қазіргі Қазақстанның жетістіктері үшін мақтанышты нығайтуға мүмкіндік берді.

Без рубрики