Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Малайзия технологиялық университетінің профессоры Dr. Mohamad Kamal a Rahim ПОҚ пен студенттерге арналған дәрістер топтамасын оқыды


Халықаралық тәжірибе алмасу еліміздегі білім мен ғылымды дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді интернационалдандыру шеңберінде таяу және алыс шетелдерден ғалымдарды шақыру жүйелі негізде жүзеге асырылады. Бұл ретте университет ғылыми тәжірибе алмасу және студенттерге, магистранттар мен докторанттарға сабақтар мен консультациялар өткізу үшін шақыратын шетелдік ғалымдардың жоғары рейтингті жарияланымдар бойынша Хирш индексі жоғары.

«Байланыс жүйелерінің технологиясы» кафедрасы жақында Малайзия технологиялық университетінің профессоры Mohamad Kamal a Rahimді қабылдады. Ол АЖЖ диапазондағы сымсыз құрылғылар саласындағы танымал маман. Малайзиялық ғалым ПОҚ мен 3 курс студенттеріне «Аdvanced RF and microwave in wireless communication system» тақырыбында дәрістер топтамасын оқыды.

«Байланыс жүйелерінің технологиясы» кафедрасының ПОҚ және студенттері профессор Mohamad KAMAL а Rahim-ге өздеріне берілген пайдалы материал үшін шын жүректен алғыс білдіреді.

Без рубрики