Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде білім беруді интернационалдандыру бағдарламасы жүзеге асырылуда


Ынтымақтастықты іске асыру және шетелдік ғалымдарды тарту аясында 2022 жылғы 21 қараша мен 15 желтоқсан аралығында «Шет тілдері» кафедрасында шетелдік ғалым, менеджмент саласындағы PhD, NVivo QSR бағдарламасының сертификатталған жаттықтырушысы Раб Наваз Лодхимен (Пенджаб мемлекеттік зерттеу университеті, Лахор қ., Пәкістан) консультациялар, семинарлар, дәрістер және тәжірибелік сабақтар өткізіледі.

Профессордың тәлімгерлігімен университеттің магистранттарымен және докторанттарымен консультациялар өткізіледі, онда «Types of research design (qualitative and quantitative data collection)», «Structuring research proposals», «Presentation techniques» сынды заманауи ғылыми зерттеу әдістері талқыланады.

Сондай-ақ, университеттің ПОҚ, жас ғалымдары және докторанттарымен «Statistical software SPSS», «QSR NVivo: Statistical and Qualitative data Analysis», «Smart software PSL», «Effective teaching methodologies» сияқты бағдарламалық жасақтамаларды пайдалану бойынша оқыту семинарлары жоспарланған.

Консультацияларды өткізу орны: 1 корпус / 520 аудитория

Уақыты: 10:00 – 16:00

Без рубрики