Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Балқаш қаласының оқушыларына онлайн режимінде кәсіптік бағдар берілді


Бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар іс жүзінде барлық қызмет түрлерінде қажетті құралға айналды. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде АКТ мүмкіндіктері кеңінен қолданылады.

Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицейдің 11 сынып оқушылары арасында «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының аға оқытушысы Н.Б. Айтбаев Zoom платформасын пайдалана отырып, кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Ол түлектерге университеттің цифрлық кампусы, оның әлемдік деңгейдегі ғылыми-білім беру кешендері және Қазақстандағы ең үздік әскери кафедраның бірі, жоғары оқу орнының сұранысқа ие білім беру бағдарламалары және алдағы ҰБТ тапсыру туралы айтып берді. Сонымен қатар ол балаларды бай мәдени және спорттық өмірмен, студенттеріміздің волонтерлік қызметімен таныстырды.

Мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығына, ҰБТ-2023 өткізудегі жаңалықтарға ерекше назар аударылды.

Түлектер тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Олардың әрқайсысына олар нақты жауаптар алды.

Енді бұл олардың жеке таңдауына байланысты.

Без рубрики