Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде академик Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыруға жастар ғылымының қосқан үлесі» атты Республикалық студенттік ғылыми конференция қорытындысы жасалды.


Қорытынды пленарлық отырыста сөз сөйлеген Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма Мүшесі – Ғылыми жұмыс жөніндегі проректорының міндетін атқарушы Әсет Рақышев барлық қатысушыларды конференцияның сәтті аяқталуымен құттықтап, секция төрағаларына қысқаша есеп беру үшін сөз берді.

Конференция жоғары деңгейде өтті. Баяндамалар өзекті ғылыми мәселелерге арналды. Оларды дайындаған студенттер мен магистранттар терең білімдерін көрсетіп, қарастырылып отырған мәселелерді шешу бойынша көптеген қызықты және ерекше ұсыныстар енгізді.

Конференцияның ең белсенді қатысушыларын Басқарма Төрағасы – университетіміздің Ректоры, экономика ғылымдарының докторы, математика профессоры, ХАА академигі Сауле Сагинтаева грамоталармен марапаттауға ұсынды.

Конференция қатысушыларына грамоталарды табыстаудың жағымды миссиясын Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың атқарушы директоры Аристотель Исағұлов пен конференцияның жауапты хатшысы Рымхан Әзілханов орындады.

Соңында Аристотель Исағұлов Ректор мен конференция ұйымдастыру комитетінің атынан барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, оларға оқуда да, ғылыми қызметте де жаңа табыстар тіледі.

Без рубрики