Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде 62-ші факультетаралық спартакиада басталды


Дене шынықтыру кафедрасы 62-ші дәстүрлі факультетаралық спартакиаданы бастайды және барлық қызығушылық танытқан студенттер мен магистранттарды – өз күштері мен қабілеттерін сынағысы келетіндердің барлығын осы жарыстарға қатысуға шақырады.

Осы жарыстардың қорытындысы бойынша үздік спортшылар оларды ұсынылған спорт түрлері бойынша университеттің құрама командаларының құрамына тарту мақсатында іріктеліп алынды, осылайша олар алдағы уақытта облыстық және республикалық жарыстарда ЖОО спорттық ар-намысын қорғай алады. Университет командаларына енген студенттердің спортты жоғары, кәсіби деңгейде жалғастырғанына мысалдар көп!

Факультетаралық спартакиаданың мақсаттары мен міндеттері:

  • студент жастарды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту;
  • дене шынықтыру мен салауатты өмір салтына деген қажеттілікті тәрбиелеу;
  • негізгі спорт түрлерін дамыту және университеттің спорттық командаларын жасақтау үшін мықты спортшыларды анықтау.

Жарысқа барлық курстардың студенттері мен магистранттары қатыса алады.

Бірінші семестрдегі жарыс бағдарламасына төмендегілер кіреді:

  • 22-қараша – үстел теннисі (бас төреші Тәжібай Н.Ж.)
  • 24-қараша – күштік айқас (бас төреші Сайдуллин В.Н.)
  • 25-қараша – шахмат (бас төреші Мадияров М.К.)
  • 26-қараша – қазақ күресі (бас төреші Рахимбеков Б.К.)
  • 3-желтоқсан – кір спорты (бас төреші Кужахметов С.Б.)

Факультетаралық спартакиаданың барлық қатысушыларына табыс тілейміз!

Без рубрики