Жоғары оқу орнамаз үшін торқалы жылы Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-ді бітіргені туралы дипломдарды 2233 жазғы бітіруші бакалавр мен магистр алды.
Салтанатты диплом тапсыру рәсімі мерекелік атмосферада өтті. Студенттік жылдар ең жақсы, қызықты, ұмытылмас болды! Болашақ мамандар қазіргі заманғы өндірісте сұранысқа ие құзыреттерге ие болып, шынайы достар тапты. Алағы уақытта олар үшін жаңа жетістіктер, жеңістер мен табысты күндер тұр.
Өңір кәсіпорындарына түлектердің 95%-дан астамы жұмысқа орналастырылғанын айта кеткен жөн. Түлектердің бір бөлігі Alma mater-де магистратура мен PhD докторантурада оқуын жалғастыруды жоспарлап отыр.
70 жыл ішінде ЖОО 100 000-нан астам бәсекеге қабілетті маман дайындады, олардың бірнеше буыны Қазақстанның барлық дерлік өндірістік кәсіпорындарында, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің бірқатар елдерінде табысты еңбек етуде.
Түлектерді еліміздің ең үздік жоғары оқу орындарының бірі –университетімізді бітіруімен құттықтаймыз! Баршаңызға кәсіби табыс, мансаптық өсу, Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қосуды тілейміз!