Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті


Сіздерді 2022 жылдың 11 қарашада “Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университеті” КеАҚ базасында өтетін «Цифрлық трансформация жағдайында зияткерлік капиталды қалыптастыру: тәжірибе, сын-қатерлер, перспективалар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференцияға шақырамыз. 

Конференцияның негізгі бағыттары:

1 секция.   Зияткерлік капиталды қалыптастыру мен басқарудың тиімді тетіктері;
2 секция.   Машина жасау, көлік және құрылыстағы жоғары ғылыми технологиялар;
3 секция.   IT және BIM-технологиялары, Energy, нейромаркетинг;
4 секция.   Тау-кен металлургия кешенінің практикалық мәселелер шешудегі инновациялық тәсілдер;
5 секция.   Өндірістік мәселелер шешудегі SMART-технологияларды пайдалану.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция жұмысына қатысқысы келетіндер Ұйымдастыру комитетіне 2022 жылдың 5 қарашаға дейін төмендегілерді жіберуі тиіс: қоса берілген форма бойынша қатысуға өтініш; төменгі талаптарға сәйкес жасалған баяндаманың тезистері; тұпнұсқалығын растайтын анықтама (антиплагиат).

Конференцияға қатысу тегін.

Конференция жұмыстарының жинағы ISBN-мен конференция өткеннен кейін басып шығарылады және ҚарТУ сайтында электронды форматта орналастырылады.

Конференцияға қатысу үшін материалдар келесі электронды поштаға жіберілуі керек: nauka-2050@mail.ru

Пошталық мекенжай: 100012, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев данғ., 56, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (бас корпус, 2 қабат, каб.224).

Конференция сайты: http://conf.kstu.kz/

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы:

Моисеев Валерий Семёнович

Анықтама телефондары: (8-721-2) 56-52-34

ақпараттық хат

Без рубрики