Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, «Жастар әлемі» жастар сарайында 3-наурыз күні, 8-наурыз «Халықаралық әйелдер мерекесіне» орай, «Ана-өмір шуағы» атты «JAS TOLQYN» жас таланттар байқауы өткізілді


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, «Жастар әлемі» жастар сарайында 3-наурыз күні,  8-наурыз «Халықаралық әйелдер мерекесіне» орай, «Ана-өмір шуағы» атты «JAS TOLQYN» жас таланттар байқауы өткізілді. Байқауды ұйымдастырушылар – Жастар саясаты  басқармасының Шығармашылық дамыту орталығы және «Жас Орда» жастар қауымдастығы. Байқауда «Үздік вокалдық нөмір», «Үздік би өнері», «Үздік аспаптық ойын» және «Үздік көркемсөз шебері» номинациялары бойынша үздіктер анықталды. Байқау нәтижелері бойынша:

— «Үздік вокалдық нөмір» — Шандер Вячеслав Игоревич;

— «Үздік би өнері» — Правдина Юлия Олеговна;

— «Үздік көркемсөз шебері» — Казамбаева Томирис Нуржановна;

— «Үздік аспаптық ойын» — Медет Ернұр Ғибратұлы жеңімпаз аталды. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар және біздің демеушілеріміз «Dodo pizza» пиццерия желісі, «Батыр барбер» барбершоп, «Пиlки» сұлулық салоны ұсынған сертификаттар берілді.

Без рубрики