Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті студенттері Санкт – Петербургтегі «Қысқы университет» халықаралық жобасына қатысуда


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттер тобы қазіргі уақытта Санкт-Петербургтегі Ұлы Петр Санкт-Петербург политехникалық университетінің базасында өтіп жатқан «инженерлік ғылымдар бойынша Қысқы университет» жобасына қатысуда.

2025 жылғы 24 қарашадан 7 желтоқсанға дейін Ресей, Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан және басқа да елдердің жас инженерлері мен техникалық мамандары қарқынды білім беру, жобалық және мәдени бағдарламаларға қатысып, тек білім алумен ғана шектелмей, дағдыларын жетілдіру, тәжірибе жинақтау және халықаралық байланыстар орнату мүмкіндігіне ие болады.

«Қысқы Университетте студенттер тіл мен профильге байланысты инженерлік тректерге бөлінеді: «Сигма» және «Тау» орыс тілді, ал «Эпсилон» ағылшын тілді трек.

Әр трекке кіретін модульдер:

инженерияда жасанды интеллектті жобалау, қолдану, материалдардың қасиеттерін сынау, аэродинамика, композициялық/полимерлі материалдармен жұмыс жасау зертханалары;

цифрлық трансформация және үнемді өндіріс модульдері;

soft-skill-ті дамыту – командалық жұмыс, презентация жасау, коммуникация дағдылары, шығармашылық ойлау.

Студенттер Санкт-Петербургтің оқытушыларымен және индустриялды серіктестермен бірлескен жобалық жұмыстарға қатысады. Бағдарламаға шеберлік сыныптары, тақырыптық дәрістер, нақты жағдайларды талдау, ең бастысы – командалық жұмысты қажет ететін инженерлік тапсырмалар кіреді.

Техникалық белсенділіктен бөлек, «Қысқы университет» бағдарламасында мәдени-демалыс блогы қарастырылған: қала мен көрікті жерлерге, Санкт-Петербург пен оның айналасындағы тарихи орындарға экскурсиялар, кампуста серуендер, мұражайларға бару, бірлескен іс-шаралар, тимбилдингтер және мәдени алмасу.

Іс-шара Ресей Федерациясының Ғылым және жоғары білім министрлігінің және «Социологиялық зерттеулер орталығы» федералды мемлекеттік автономды ғылыми мекемесінің («Социоцентр» ФМАҒМ) қолдауымен ұйымдастырылды.

ҚарТУ студенттерінің «Қысқы университетке» қатысуы – олардың кәсіби құзыреттілігін нығайтуға және халықаралық тәжірибесін кеңейтуге бағытталған практикалық қадам. Бағдарлама білім алушылардың дайындық деңгейін арттыруға, заманауи технологиялармен жұмыс істеуге және академиялық байланыстарды нығайтуға тікелей ықпал етеді.

Без рубрики