ӘБІЛҚАС САҒЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ QS STARS RATING SYSTEM ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙТИНГІСІНДЕ «4 ЖҰЛДЫЗ» АРТЫҚШЫЛЫҚ БЕЛГІСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!


QS Stars аудитінің қорытындысы бойынша Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне «4 жұлдыз» артықшылық белгісі берілді. Білім беру және оқыту, жұмысқа орналастыру және интернационалдандыру сапасының көрсеткіштері бойынша университет «5 жұлдыз» ең жоғары бағасына ие, және ол университетті Ұлыбритания, Канада және Қытайдың жоғары оқу орындарымен бір сатыға қояды. Бүгінгі таңда әлемде барлығы 114 жоғары оқу орны QS Stars «4 жұлдызын»  алды.

QS Stars «4 жұлдызы» артықшылық белгісі иегері атану Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті  үшін жоғары халықаралық беделге ие және көшбасшылық ұстанымдарын көрсететкіші, сонымен қатар серіктестерге қызметтің түрлі салаларында ынтымақтастық үшін бағдар беретінін білдіреді.

Бұл жетістік бүкіл команданың үйлесімді жұмысы мен жоғары кәсібилігінің дәлелі болып табылады.

QS Stars «4 жұлдызын» алғаннан кейін Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ғылыми зерттеулерді халықаралық деңгейде ілгерілету үшін тағы бір құралға ие болды.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің профессор-оқытушылар құрамын, қызметкерлері мен білім алушыларын QS Stars Rating System халықаралық рейтингінде аудит қорытындысы бойынша алған керемет нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз.

Без рубрики