Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті мен Түркия, Қырғыз Республикасы, Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында «Қаныш Сәтбаевтың ғылыми жолы» атты халықаралық телекөпір өтті


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің басшылығының бастамасымен, «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасы меңгерушісі міндетін атқарушы, ф.ғ.к., доцент Хамзина Қ.М жетекшілігімен «Жол көлік» факультетіне қарасты кафедра ұжымының ұйымдастыруымен Түркия, Қырғызстан және Қазақстанның жоғары оқу орындарының арасында Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай халықаралық телекөпір өтті. Халықаралық университеттер арасындағы тәжірбие алмасу- әлемдік ынтымақтастықпен қатар, техникалық салада-кәсіби маман даярлау деңгейін арттырары сөзсіз.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының меңгерушісінің міндетін атқарушы доцент Хамзина Қ.М шараға қатысушыларды таныстырды.

Телекөпірге Түркия мемлекетінен онлайн байланысқа шыққан Кастамону университетінің «Қазіргі түркі тілдері мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Орхан Сөйлемез «Халқым менен де биік..» атты баяндамасымен таныстырды.

Ғалымның еңбектері жайында И.Әбдірайымов атындағы Қырғыз авиациялық институтының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Абдықадырқызы Г жалғастырды.

Жоғары оқу орындары арасынан онлайн-трансляцияда Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ тіл білімі кафедрасының доценті, п.ғ.к., Нургужина Г.М сөз сөйледі.

Ғ.Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің доценті Жекеева К.О Қаныш Имантайұлының еңбегінің нәтижесінде Сарыарқаның метологенді карталары жасалып, Сарыарқа аймағынан қара және түсті, сирек металдырдың жаңа кендері ашылғандығын баяндады.

Қорытынды сөзді Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасының аға оқытушысы Жунусбекова Г.Е «Мәңгілік ізін қалдырған..» атты баяндамасымен таныстырды.

Шара соңында «Жол-көлік» факультетінің деканы, РһD доктор Аскаров Б.Ш телекөпірге қатысушыларға алғысын білдіріп, тағылымды шара жалғасының табатынын атап өтті.

Без рубрики