Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ студенттері арасында «Саналы ұрпақ» клубының және Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен 21 ақпаннан 15 наурыз аралығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы жастар ұйымдарының рөлі» тақырыбында эссе конкурсы өтті.


Конкурстың мақсаты — жас ұрпақты рухани-адамгершілік құндылықтарға баулу, адамгершілік ұстанымы бар және сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтін белсенді және жауапты тұлғаны тәрбиелеу. Жастардың құқықтық сауаттылығын, құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру. Конкурс талабына сай орыс және қазақ тілдерінде 36 жұмыс қабылданды.
18 наурыз күні ҚХА және ӘГП кафедрасының оқытушыларынан құралған әділ қазылар өз жұмысын аяқтады. 20 наурыз жүлделі орынға лайықты деген үздік жұмыстар марапатталды.
Жұмыстар арасында жүлделі орынға лайықты 3 үздік қазақ тілді және 3 орыс тілді жұмыс анықталды.
І Дәрежелі дипломмен АРХ-23-3 тобының студенті Тұрар Ағыбай марапатталды. Жетекшісі: аға оқытушы Жуматова Г.М.
ІІ Дәрежелі дипломмен ЦАФ-22-1 тобының студенті Қалтаева Әсел марапатталды.
Жетекшісі: аға оқытушы Байжуманова Н.С.
ІІІ Дәрежелі дипломмен ЭЭ-23-3 тобының студенті Тлеу Марлен марапатталды.
Жетекшісі: аға оқытушы Толеуова М.О.
——————————————————————-
І Дәрежелі дипломмен ГПР-22-3 тобының студенті Мурзахметова Юлиана марапатталды. Жетекшісі: аға оқытушы Шарипова Р.М.
ІІ Дәрежелі дипломмен С-22-3 тобының студенті Передериш Артем марапатталды.
Жетекшісі: аға оқытушы Ивлева Е.Н.
ІІІ Дәрежелі дипломмен ЭЭ-22-5 тобының студенті Рыбалкин Алан марапатталды.
Жетекшісі: аға оқытушы Хмельницкая О.М.

Без рубрики