Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті «Internationalization of Higher Education Institutions: International visibility of HEIs» семинарының жұмысына қатысты


2023 жылғы 23-24 ақпанда Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ Халықаралық ынтымақтастық орталығының басшысы С.Е. Рахымбаева Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің базасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған «Internationalization of Higher Education Institutions: International Visibility of HEIs» семинарының жұмысына қатысты.

Семинарда Британдық кеңес өкілдері іске асырылып жатқан Халықаралық бағдарламалар туралы айтып, IELTS халықаралық емтиханын тапсыру бойынша ұсыныстар берді.

Семинарға қатысушылар Қазақстандық серіктес университеттердің QS тәжірибесімен, THE халықаралық рейтингі, шетелдік к университеттердің филиалдарының ашылуы және басқа да Халықаралық бағдарламалар туралы ақпаратпен танысты.

Без рубрики