Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті егде жастағы тыңдаушыларды «Күміс университет» жобасы аясында тегін білім беру курстарына шақырады


Бағдарламалар заманауи технологияларды игеруге, денсаулықты жақсартуға, шығармашылықты дамытуға және қарым-қатынас аясын кеңейтуге көмектеседі. Оқыту белсенді ұзақ өмір сүруге ықпал етеді, цифрлық технологияларды қолдануға деген сенімділікті арттырады және өзін-өзі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Оқыту бағыттары: Курстар мына бағыттар бойынша өткізіледі:

— Компьютерлік сауаттылық – операциялық жүйелермен жұмыс, мәтіндік және кеңсе қосымшалары, интернет қауіпсіздігі;

— Сандық технологиялар – мобильді қосымшалар, сандық қызметтермен жұмыс, бағдарламалаудың негізгі дағдылары;

— 3D модельдеу – қарапайым 3D нысандарын құру, жобалау және көзбен шолу;

— Қаржылық сауаттылық негіздері – жеке қаржыны басқару, банк операциялары, бюджетті жоспарлау;

— Құқықтық сауаттылық негіздері – азаматтардың құқықтары мен міндеттері, тұтынушыларды қорғау, құқықтық мәдениет;

— Емдік дене шынықтыру, фитнес, скандинавиялық серуендеу, би – дене белсенділігін сақтау, дене қозғалысын, жүрек-қан тамырының және тірек-қимыл жүйесінің саулығын дамыту;

— Қарым-қатынас пен саяхатқа арналған шет тілі – күнделікті қарым-қатынас үшін ағылшын, орыс немесе басқа тілдерді практикалық игеру;

— Кескіндеме, сурет, сәндік-қолданбалы өнер – шығармашылық қабілеттерін, көркемдік бейнелеуді дамыту;

-Шығармашылық және қолөнер кәсібі – қолөнер, керамика, фотосурет бойынша шеберлік сыныптары;

— Әлеуметтік және коммуникативтік дағдылар – қарым-қатынас дағдыларын дамыту, топтық жұмыс, сыни ойлау;

— Салауатты өмір салты және психология – ұтымды тамақтану негіздері, стрессті басқару, психологиялық қолдау және басқа бағыттар.

Курстар аяқталғаннан кейін сертификаттар беріледі. Сабақтар университеттің тәжірибелі оқытушыларының жетекшілігімен ыңғайлы және достық ахуалда өтеді.

Оқуға ешқашан кеш емес!

Қарағанды қ., Н. Назарбаев даңғ., 56. №1 оқу корпусы № 525, 531 каб.

Тел.: 8(7212) 565-233, 565-932 (ішкі тел. 1106)

E-mail: ino@ktu.edu.kz

Без рубрики