Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті базасында «Жас болу оңай ма?» Республикалық пікірталас алаңы өткізілді


Ақпан айының соңғы он күндігінде Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың орыс тілі мен мәдениеті кафедрасы «Жас болу оңай ма?» пікірталас алаңын өткізді.

Пікірталасқа еліміздің әртүрлі ЖОО-нан 120-дан астам студент қатысты: Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ, Astasna International University, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті және Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті, академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ, Қарағанды медицина университеті, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі, Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі.

Пікірталастың мақсаты қазіргі жастардың проблемаларына назар аудару, жастар арасында дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу, студенттердің белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру болды.

Қатысушылардың баяндамаларын төменгі құрамда сараптамалық комиссия бағалады: ф.ғ.к., академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ профессоры Ж.Д. Рапишева; PhD, ҚХАжәнеӘГП кафедрасының меңгерушісі Д.Г. Шорманбаева және Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ  патриоттық тәрбие беру ҒЗИ басшысы Б.А. Бушманова; «Қазақмыс» Корпорациясы Политехникалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А. Кнашина, Атырау университетінің орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы С.Х. Жұмағазиева, п.ғ.м., Astana International University оқытушысы Балтабаева У.К.

Пікірталас алаңы аясында NEET жастар, еңбек саласындағы әлеуметтік қорғау, жастар мүдделері мен әлеуметтік іске асырудың нақты мүмкіндіктері арасындағы қақтығыс, сөйлеу мәдениетінің төмендігі мәселелері талқыланды.

Іс-шараға қатысушылар белсенді пікірталас жүргізді, іс жүзіндегі мәселелерді айтты және оларға түсініктеме берді, сұрақтар қойды және өз пікірлерін білдірді.

Сараптама комиссиясының мүшелері іс-шараның қорытындысын шығарып, келесі жеңімпаздарды жариялады: 

Мемлекеттік тілде:

I орын — Мұханов Ұлан, АиУ-22-1 тобы, «Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ» КеАҚ (жетекшісі Докучаева Н.В.).

II орын – Дүкенбай Мақсат, СИБ-22-3 тобы, «Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ» КеАҚ (жетекшісі Ақынжанова А.А.).

III орын — Дулатова Диана, СИБ-22-1 тобы, «Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ» КеАҚ (жетекшісі Қабанова А.Б.).

Есембекова Аяжан, СИБ-22-2 тобы, «Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ» КеАҚ (жетекшісі Тәжібаева С.М.).

 Орыс тілінде:

I орын — Махабаев Ерсұлтан, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖМ (жетекшісі Серікова А.Ж., Балқаш қ.,).

I орын — Төлегенова Бибігүл, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (жетекшісі Бақтыбаева А.Т., Алматы қ.).

II орын — Мұхаммедиярова Аружан, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (жетекшісі Бақтыбаева А.Т., Алматы қ.).

II орын — Ван Виктория, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті (жетекшісі Жұмағазиева С.Х., Атырау қ.);

III орын – Мәжит Нұрмұхаммед, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, (жетекшісі Дәркембаева Р.Д., Алматы қ.).

III орын — Мұхаммедов Нұржігіт, «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті» КеАҚ (жетекшісі Майқыпова Р.Н., Ақтөбе қ.).

Іс-шараның барлық қатысушыларына алғысымызды білдіреміз және жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Без рубрики