ӘБІЛҚАС САҒЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ҚАЗАҚСТАН-ҰЛЫБРИТАНИЯ 9-ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ


«Жоғары білім саласындағы мемлекеттер ынтымақтастығы арқылы мемлекетаралық байланыстарды нығайту» Қазақстан-Ұлыбритания Үкіметаралық комиссиясы 2023 жылғы 1-3 ақпан аралығында жұмыс істеді.

Үкіметаралық комиссия жұмысы аясында бірқатар кездесулер мен іс-шаралар өткізілді.

Times Higher Education әлемдік агенттігінің өкілдерімен негізгі бағыттар: оқыту, ғылыми зерттеулер, білім беру және жоғары оқу орындарының ғылыми перспективалары бойынша кездесу өтті. Жоғары оқу орындарының осы рейтингке кіруі жөніндегі Агенттік жұмысының негізгі критерийлері мен әдістемесі түсіндірілді.

Дөңгелек үстел өткізілді, оны Ұлыбритания Премьер-Министрінің сауда өкілі баронесса Эмма Николсон ашты. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесін дамытудың негізгі заманауи үрдістері мен басымдықтарын көрсететін баяндама жасады.

Қазақстандық делегация мүшелері Loughborough, Reading, Warwick, сондай-ақ British Expertise International университеттерінің қызметімен, материалдық-техникалық жабдықталуымен, инновацияларымен танысты.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті білім беру және ғылыми зерттеулер саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша Manchester Metropolitan University-мен ынтымақтасқан.

QS штаб-пәтерінде (Лондон қ., Ұлыбритания) QS World University Rankings университеттерінің әлемдік рейтингінде Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-ды одан әрі ілгерілету бағыттары талқыланды.

Без рубрики