Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті – Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі Халықаралық олимпиаданың жүлдегерлері қатарында!


29 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Красноярск қаласында әлемнің 40 елінен келген 600-ден астам қатысушыны біріктірген V Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі Халықаралық олимпиада өтті.

Қазақстан намысын елдің жетекші жоғары оқу орындарының 10 студентінен құралған команда қорғады. Команданың дайындығы Қаржылық мониторинг академиясы (AML Academy) базасында жүргізілді.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенті Халил Каландаровтың жетістігі – ерекше мақтаныш! Ол «Ақпараттық қауіпсіздік» бағыты бойынша жүлдегер атанды. Бұл жеңіс университеттің киберқауіпсіздік пен цифрлық технологиялар саласында жоғары деңгейде мамандар даярлап жатқанын дәлелдеп, оқу орнының халықаралық беделін арттырды.

Халил мен оның ғылыми жетекшілерін лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті – Қазақстанның зияткерлік элитасын қалыптастырып жатқан көшбасшылардың бірі.

Без рубрики