Әбілқас Сағынов аатындағы ҚарТУ Erasmus+ бағдарламасы бойынша EMINReM жобасын жүзеге асырады


2024 жылдың наурыз айының екінші онкүндігінде Әбілқас Сағынов Атындағы Қарағанды техникалық университетіне Техникалық Университеті Фрайберг тау-кен академиясының профессоры (Technical University Bergakademie Freiberg) Carsten Drebenstedt келді.

Оның жұмыс сапары Erasmus+ бағдарламасы бойынша «Master Program in Eco-Mining Engineering and Innovative Natural Recourses Management» (EMINReM) жобасын іске асыру аясында өтті.

EMINReM жобасы 2023 жылдың ақпанында басталды және 2026 жылдың ақпан айының соңына дейін жоспарланған. Бұл жобада, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Technical University Bergakademie Freiberg (Германия), Dumlupinar University (Түркия), University of Jaen (Испания), Украинаның (Житомир мемлекеттік политехникалық, Днепропетровск технологиялық, Донецк ұлттық техникалық) және Өзбекстанның (Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық және Науаи мемлекеттік тау-кен-технологиялық) біздің серіктес ЖОО-ларымыз болып табылады.

Жобаның мақсаты пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу саласындағы экологиялық, экономикалық және басқарушылық жетістіктер саласында жаңа буын мамандарын даярлау үшін серіктестер мен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық арқылы тау-кен жұмыстарын іске асырудың тиімділігі мен экологиялық тұрақтылығын арттыру болып табылады.

EMINReM жобасы болашақ мамандардың пәнаралық ашықтығын, олардың технологиялық мәселелерді жүйелі және терең түсіну қабілетін дамытуға, әлеуетті экологиялық тәуекелдерді модельдеу және бағалау құралдарын пайдалана отырып, оларды қарқынды дамып келе жатқан әлемге бейімдеуге бағытталған.

Профессор Carsten Drebenstedtтың сапары аясында стратегиялық даму жөніндегі директор Г.С. Жетесовамен, тау — кен факультетінің деканы Г.С.Жолдыбаевамен және кафедраларалар меңгерушілері: «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру» А.Ж. Имашевпен, «Маркшейдерлік іс және геодезия» Е.Н. Хмыровамен, «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» Н.Р. Жолмағамбетовпен, «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» Ф.М. Исатаевамен, халықаралық байланыстар орталығының басшысы С.Е. Рахымбаевамен кездесулері өтті. Осы кездесулер барысында жоғары оқу орындары арасында білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту, «Тау-кен ісі» магистратурасының бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, магистранттардың, докторанттар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын іске асыру перспективалары бойынша келіссөздер жүргізілді.

Профессор Carsten Drebenstedt және біздің университеттің EMINReM жобасының менеджері А.Ж.Имашев Eco-Mining саласындағы еуропалық жоғары оқу орындарының мысалында үздік тәжірибелер мен тәсілдерді біріктіруге, оқу материалдарын әзірлеуге және «Eco-Mining» зертханасын құруға бағытталған магистратураның оқу жұмыс бағдарламасын әзірлеу тәжірибесін талқылады.

Без рубрики