«Бейбітшілік және келісім сабақтары» профессор, м.ғ.д., облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, «Қарағанды еврей мәдениеті орталығы» ҚБ төрағасы Молотов-Лучанский Вилен Борисовичпен


2022 жылдың 24 ақпанында Алғыс айту күні қарсаңында «Бейбітшілік және келісім сабақтары» жобасы шеңберінде Қарағандылық «Ассамблея жастарымен» Академик А.С. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде профессор, м.ғ.д., облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, «Қарағанды еврей мәдениеті орталығы» ҚБ төрағасы Молотов-Лучанский Вилен Борисовичпен студенттердің кездесуі өтті.

Кездесу барысында Вилен Борисович балаларға бірлік пен бейбітшіліктің күші туралы еске салып, адал және белсенді азаматтық позицияны таңдауға шақырды.

Кездесу соңында студенттерге Қарағанды өңірінің тарихы және Сарыарқа аумағында этностардың пайда болуы туралы баяндайтын «Сарыарқа – бірлік пен келісім мекені» кітабы табыс етілді, оның авторларының бірі Қарағанды облысындағы «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігінің басшысы Александр Урмашов.

Без рубрики