И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің оқытушыларымен кездесу


🤝Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ Инновациялық технологиялар колледжінің ұжымы И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің оқытушылары — Болебаева Жанат Алпысбаевна және Мырзабаева Динара Серікқызымен кездесу өткізді.

📈Оқытушылар біздің университетке біліктілікті арттыру мақсатында келді. Колледж директоры Нурбиби Абсадыковна осы кездесуді ұйымдастырды. Кездесу барысында тәжірибе алмасу перспективалары мен одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

📌Кездесудің маңыздылығы оқытушылардың кәсіби дамуының ажырамас бөлігі болып табылатын білім және практикалық тәжірибе алмасуы болды.

🎁Іс-шара соңында Нурбиби Абсадыковна әріптестерімізге университетіміздің 70 жылдығына арналған кітапты оқу орындары арасындағы байланыстарды нығайту мен бірлескен жұмысты жалғастыруды бейнелейтін естелік сыйлық ретінде табыс етті.

Без рубрики