Экономика және менеджмент факультеті – экономика саласындағы бакалаврларды дайындайтын ҚарМТУ-дың оқу және ғылыми бөлімшесі болып табылады. Институт 18 жыл ішінде 1200 инженер — экономист, 1700 астам экономика бакалаврларын дайындады. Олардың басым бөлігі облыстың, аймақтың өнеркәсіптік кәсіпорындарда, фирмаларында, компанияларында жетекшілік етеді, бас мамандар ретінде қызмет етеді, алыс және жақын шетелдерде жұмыс істейді.
«Экономика» институты 1993 жылдан бастап ҚарМТУ-дың «Экономика және менеджмент» факультеті ретінде әрекет етті. 2010 жылдың қыркүйегінен «Экономика және менеджмент» факультеті «Экономика және бизнес» институты болып қайта құрылды, ал 2010 жылдың 26 қарашасынан ҚарМТУ-дың Ғылыми кеңесінің шешімімен «Экономика» институты болып атауы өзгертілді.
Қазіргі кезде институт құрамына үш кафедра кіреді: «Кәсіпорын менеджменті», «Өндірісті ұйымдастыру», «Кәсіпорын экономикасы».
Экономика және менеджмент факультеті келесі мамандықтарды дайындайды:
— 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»;
— 5В051100 «Маркетинг»;
— 5В050700 «Менеджмент»;
— 5В090800 «Бағалау»;
— 5В090400 «Әлеуметтік-мәдени сервис»;
— 5В050800 «Есеп және аудит»;
— 5В050600 «Экономика».
Экономика және менеджмент факультеті 6М051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 6М050600 «Экономика» мамандықтары бойынша магистрлер дайындайды.