Басқарма мүшесі — Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Нусупбеков Бекболат Рахишевичпен кездесу


2025 жылғы 9 қаңтарда Инновациялық технологиялар колледжінде Басқарма мүшесі — Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Нусупбеков Бекболат Рахишевичпен кездесу өтті.

🖇️Кездесу барысында оқу процесін жақсартудың маңызды мәселелері, оның ішінде білім беру бағдарламаларын жетілдіру, оқыту сапасын жақсарту және кафедралардың зертханаларын практикалық сабақтар мен ғылыми зерттеулер үшін белсенді пайдалану бойынша ұсыныстар талқыланды. Колледждің материалдық базасын жабдықтауға, жабдықтарды жаңғыртуға және студенттер мен оқытушылар үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінетіндігі айтылды.

🔗Талқылау шеңберінде оқу үдерісін оңтайландыру және оқу орнындағы білім берудің жалпы деңгейін арттыру үшін академиялық және ғылыми бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту жөніндегі шаралар ұсынылды.

Без рубрики