А. Байтұрсынов — ұлы ұстаз атты дөңгелек үстел


08.04.2022 ж. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған дөңгелек үстел Қарағанды қаласының М. Әуезов атындағы Орталықтандырылған №6 кітапхана жүйесінің кітапхана филиалында өткізілді.

Мақсаты: студенттерге қоғам қайраткері, ағартушы, лингвист, әдебиеттанушы, түркітанушы, аудармашы А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру; өз Отанының патриоты, жас ұрпақ  тәрбиесіне өзіндік үлесін қосқан нағыз қазақ  азаматын үлгі ету.

Кешіміздің қонақтары:

1) Алмасбек Әбсадық  Ахметұлы, филология ғ.д., профессор — «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» ҚеАҚ Рухани жаңғыру кешенінің жетекшісі;

2) Бақышова Назерке Жұмағалиқызы — Қарағанды қаласының М. Әуезов атындағы Орталықтандырылған №6 кітапхана жүйесінің кітапхана филиалының кітапханашысы;

3) Хуанган Нұрбол Хуанганұлы — «Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ» ҚеАҚ Басқарма мүшесі — ғылыми жұмыс бойынша проректоры;

4) Ибраев Марат Киримбаевич, х.ғ.д. – «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті»  ҚеАҚ түлегі, ХжәнеХТ кафедрасының профессоры.

Дөңгелек үстелге ХжәнеХТ кафедрасының оқытушылары және патриоттық тәрбие ғылыми-зерттеу институтының жетекшісі Бушманова Б.А., БТ-19-1,2 және ОПИ-20-1 топтардың студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелде Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін оқыды, өмір жолына бейне ролик көрсетілді, сұрақтарға жауап берілді.

Ұйымдастырғандар: ХжХТ кафедрасының аға оқытушылары: Кабылбекова Г.К., Кинаятов М.А., Мукархан К., оқытушысы Жақсыбаева М.Е.

Без рубрики