Байқауға қатысыңыз!


2022 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Huawei Technologies Kazakhstan» компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат көпжақты ғылыми-зерттеу және академиялық әріптестік үшін жағдай жасауға, білім беруде цифрлық инновацияларды енгізуге, қоғамның цифрлық сауаттылығы мен дағдыларын дамытуға ықпал ететін АКТ саласындағы қазақстандық таланттар экожүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Әлемдік университеттермен бірлесе отырып, Huawei телекоммуникация желілері, ақпараттық технологиялар, ақылды құрылғылар және бұлтты қызметтер саласындағы жетекші компания АКТ саласындағы таланттармен алмасу бойынша Huawei ICT Competition жаһандық конкурсын өткізеді. Бірқатар жарыстардың арқасында студенттер өздерінің практикалық және инновациялық дағдыларын нығайта алады.
Біздің университет базасында Huawei ICT-академиясы жұмыс істейді, сондықтан 28 қыркүйекте «Байланыс жүйелерінің технологиялары» кафедрасында «Huawei ICT Competition 2022-2023 Eurasia Roadshow Kazakhstan» конкурстық бағдарламасының тұсаукесері өтті. Іс-шараға Huawei компаниясының өкілдері, Еуразия мен Қазақстанның таланттар экожүйесінің менеджерлері Ұ.Кенебаева мен Ж. Қамашбек, кафедра ПОҚ және РЭТ-20-1, РЭТ-19-2, СИБ-19-1,2, ВТ-20-2 топтарының студенттері қатысты.
Huawei менеджерлері Huawei академиясы ІСТ бағдарламасының артықшылықтары туралы айтып, кездесуге қатысушылармен желілік технологияларды білуге арналған викторина өткізді, студенттерді байқаудың мақсаттарымен, оны өткізу ережелерімен таныстырды.
Сізде жеңіске жету үшін қажетті білім бар деп ойлайсыз ба? Біз сізге тіркелуді ұсынамыз.

https://e.huawei.com/cn/talent/%23/ict/contest?compId=&navType=talentAlliance

Алдын ала емтиханға дайындалудың артықшылығын алу үшін қазір тіркеліңіз.

Без рубрики