Бәрекелді! Жарайсыңдар!


2022 жылғы 30-мамыр мен 2-маусым аралығында Ташкент қаласында (Өзбекстан) Dota 2 және CS:GO пәндері бойынша Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекеттерінің студенттері арасында киберспорттық турнир өтті.

Жалпы жүлде қоры қомақты сома — 200 миллион сомды (7,5 миллион теңгеден астам) құрады.

Турнирге қатысқан Қазақстан құрамасының сапында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университетінің студенті Молдабеков Алдиярдың (ИС-19-3 тобы) болғанын ерекше атап өткен жөн. Ол Dota 2 бойынша Қазақстанның студенттік құрамасының құрамына кірді.

Қазақстандықтардың қарсыластары да лайықты болды. Сонысымен де олардың  бұл жеңісі маңыздырақ көрінеді.

Біздің студенттер Dota 2 бойынша SCO Students Cup турнирінің чемпиондары атанды!

Біз оларды құттықтаймыз! Әсіресе, біздің Алдиярды! Бәрекелді! Жарайсыңдар!

Без рубрики