Бұқар жырау ауданы мектеп оқушыларының Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-ға сапары


2022 жылдың 30 қазанында «Байланыс жүйелерінің технологиялары» кафедрасының базасында кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында Бұқар жырау ауданының түлектерімен кездесу өткізілді.

Кафедра меңгерушісі Қалиасқаров Н.Б. тыңдаушыларды негізгі ғылыми бағыттармен таныстырды, жоғары сынып оқушыларымен мамандық таңдау туралы әңгімелесті, сонымен қатар кафедраның алдына қойған міндеттеріне тоқталды. Сондай-ақ кафедраның «Әуе және кабельдік байланыс желілері зертханасы», «Байланыс жүйелері зертханасы», «Телекоммуникациялар зертханасы» сияқты зертханаларымен таныстыру экскурсиясы өткізілді. Түлектер HUAWEI ICTACADEMY академиясының оқу бөлмесін де аралады.

Талапкерлерге «Технологиялар және коммуникация жүйелері» кафедрасының оқу-зертханалық процесінде заманауи бағдарламалық құралдар қолданылатыны, оның ішінде келесідей мамандандырылған құралдар бар екені айтылды.

— «SystemView» — байланыс арналарын модельдеуге арналған бағдарлама;

— «GPSS-World» — кезек жүйелерін модельдеу үшін;

— «MMANA» және «SINTEZ» — антенналық құрылымдарды жобалау үшін;

— «P-CAD» — электронды жабдықты жобалауға арналған.

Бұл экскурсияның мақсаты мектеп түлектерін ОП РЭТ, кафедра өмірімен таныстыру және талапкерлерге болашақ мамандығын таңдауға көмектесу.

Без рубрики