Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасы


 

Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасы қазақ тілін меңгертіп, мемлекеттік тілде іс жүргізуге үйрете отырып, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын жүзеге асырады.

Кафедра жұмысы студенттердің қазақ тілін оқып, түрлі коммуникативтік – қоғамдық-саяси, оқу, кәсіби, әлеуметтік тұрмыстық салаларда мемлекеттік тілді еркін меңгеруіне бағытталған.

Кафедра өз жұмысын оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие және тағы да басқа жұмыс түрлерін қамтитын жылдық жоспарларға сәйкес жүргізеді.

Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы «Қазақ тілі» пәнін университеттің 1-курс студенттеріне және «Кәсіби қазақ тілі» пәнін магистранттарға жүргізеді.

 

Кафедраның миссиясы:

Өздерінің болашақ кәсіптік қызметінде заман талабына сай жинақтаған білімін, кәсіби дағдыларын жоғары деңгейде көрсете алатын, адамгершілік қасиеттері биік, біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда ұлттық және халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес жоғары сапалы білім беру қызметін ұсыну.

 

Стратегиясы:

  • техникалық жоғары оқу орнының болашақ мамандарына мемлекеттік тілде сапалы білім беру;
  • оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіру;
  • оқыту қызметінде кафедраның оқытушы-профессорлар құрамының заманауи инновациялық ғылыми-зерттеу нәтижелерін оқу процесіне іс жүзінде енгізу;
  • кафедраның ғылыми-педагогикалық әлеуетін арттыру;
  • студенттердің бойында зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін, жаңаша ойлау, тәуелсіз пайымдау мен академиялық әділеттілігін дамыту;
  • студенттерді ұлттық мәдениет пен тіл арқылы отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу;
  • тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында университетішілік шараларды ұйымдастыру.
Без рубрики