Қазақстандық жоғары білім Қытайдағы халықаралық көрмеде таныстырылды


10–11 сәуір күндері Бейжің қаласында China Study Abroad Forum (CSAF 2026) халықаралық форумы және China International Education Exhibition Tour (CIEET 2026) білім беру көрмесі өтті. Аталған іс-шараларға Қазақстан делегациясы алғаш рет қатысып, отандық жоғары білім беру жүйесінің мүмкіндіктері халықаралық деңгейде таныстырылды. Делегацияны ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова басқарды.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті де халықаралық көрмеге қатысып, университеттің білім беру бағдарламалары мен ғылыми әлеуетін таныстырды. Университет атынан әлеуметтік тәрбие ісі жөніндегі проректор Абай Қалықов пен қауымдастырылған профессор (доцент) Медғат Мусаев қатысты.

Көрме аясында Қазақстан “Kazakhstan – the Territory of Academic Knowledge” ұлттық білім беру павильонымен ұсынылып, Study in Kazakhstan біріккен экспозициясы ұйымдастырылды. Шара барысында шетелдік талапкерлер мен халықаралық серіктестерге қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру мүмкіндіктері таныстырылды.

Іс-шараға әлемнің көптеген елдерінен 500-ден астам білім беру ұйымдарының өкілдері қатысып, халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер қарастырылды.

Айта кету керек, China International Education Exhibition Tour халықаралық көрмесі 1999 жылдан бері өткізіліп келеді және Азия өңіріндегі ең ірі білім беру алаңдарының бірі саналады.

Без рубрики