Конкурстық комиссияның 2025 жылғы 17 желтоқсандағы №11 шешімі негізінде және «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректоры С.С. Сагинтаеваның бұйрығымен Ақпараттық технологиялар факультетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі болып тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Картова Зауре Кенесовна тағайындалды.
Жаңа кафедра меңгерушісін ұжымға Saginov Technical University Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Нүсіпбеков Бекболат Рақышұлы таныстырды.
Зауре Кенесовнаны тағайындалуымен құттықтап, жаңа әрі жауапты лауазымда сәттілік тілейміз.




